Батыс Вирджинияның ауыл шаруашылық моделі бос қиял ма, әлде мүмкіндік пе?
Батыс Вирджинияның ауыл шаруашылық моделі бос қиял ма, әлде мүмкіндік пе?
6 жыл бұрын 3151

Егер бір отбасы 300 акрлік ферманың жұмысын жүргізе алмаса, бұл бірнеше отбасының қолынан келеді. Сондықтан да Берклиде 11 отбасы ауыл шаруашылығының жаңа түрін қалыптастырып, Американың ауыл шаруашылығын дамыту ісіне кірісіп кетті, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі The Washington Post басылымына сілтеме жасап.

 

Ауыл шарашылығын мықтап қолға алынған бұл жерге жақындағанда сіздің көзіңізге бал араларының ұясы мен сарай түседі. Ары қарай жүре берсеңіз, жол бойында жеті қозы мен төрт қойды көре аласыз. Бір қарағанда, сіз бұл жерді орманмен қоршалған, шөп пен жазыққа толған дала ма деп қабылдауыңыз мүмкін. Бұл жердегі тұрғын үйлер адам көзінен тасада жасырынып тұр. Тек көзіңізге жүздеген тауығы бар екі кішігірім үйшік пен бес қозғалмалы үйшік көрінуі мүмкін. Ашық пейзаждан сонымен қатар сіз 24 сиырдың жайылып жүргенін де байқай аласыз.

Бұл – Broomgrass, жаңа фермерлік қоғамдастық прототипі. Ол Вашингтоннан екі сағаттық жерде, Батыс Вирджинияның шығысында орналасқан. Бір айта кетерлігі, бұл жер 23 мың акрдан тұратын жабайы табиғатты қорғау зонасына кіреді.

320 гектардан тұратын қоғамдастық жартылай орман, жартылай жазықта орналасқан. Мұнда үй жануарлары мен органикалық өнімі бар ферма, 16 корпусты тұрғын үй бар. Бұл жерде әзірге он бір отбасы тұрады. Қалған бес лот сатылымға қойылған. Айта кету керек, отбасы мүшелерінің жасы 8-67 жас аралығын қамтиды.

Бұл тек әсем табиғатымен ерекшеленетін жер емес. Яғни, мұнда тұратын бір отбасы 320 акр жердің он алтыдан бір бөлшегіне иелік етеді. «Сіздің иелігіңіздегі жер ауыл шаруашылығын қорғау бағдарламасына енгізілген деген сөз. Бұл мемлекеттік паркте өмір сүргенмен бірдей», дейді қоғамдастықты құрушылардың бірі Мэтью Гроув.

Ал Уилсон атты тұрғынның айтуынша, олар Мэрилендтегі үйінен көшу туралы мүлде ойламаған. Бірақ, бұл жерді көрген соң бірден сатып алып, келесі айда осы жерге көшіп келген.

«Broomgrass қоғамдастығының тууына көкейімізде жүрген: «Отбасылық ферманы көп шығынданбай дамытуға болады ма?» деген сұрағымызға жауап ретінде пайда болды», дейді Гроув. Оның айтынша, 1990 жылдардың аяғы, 2000 жылдардың басында отбасылық фермалар жаппай арзан бағаға сатыла бастаған. «Аз пайызды несие мен несиенің болмауы бұл жердің деңгейін арттыру керектігін байқатты. Бұл біз үшін өте алаңдатарлық мәселе еді. Мен Беркли аумағында дүниеге келгенмін. Сондықтан, бұл жердегі ауыл өмірінің кетпеске кететініне сенгім келмеді. Біз ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтіру үшін не істеуге болатынын ойлана бастадық. Себебі, ауыл шаруашылығы қазіргі дамудың құрбанына айналып кетеді деп қорықтық», дейді Гроув.

Гроув отбасымен Нью-Йоркте өмір сүрген. Кейін Мартинсбергке көшіп, архитектуралық тәжірибені қолға алған. Гроувты қосқанда үш отбасы Брумграсс жеріне иелік еткен. «Біз қатты ойландық. Ферманы қалпына келтіріп, сол жерде тұрғымыз келді. Бүгінгі идеямыздың пайда болына бір жыл уақытымыз кетті. Яғни, фермалар қоғамдастығының прототипі идеясының тууына жұмыс істедік», дейді Гроув. Оның айтуынша, олар ферманың жұмысын жалғыз өздері жүргізе алмайтынын білген. «Бірақ, біз егер бір отбасы америкалық ферманың жұмысын жүргізе алмаса, 300 акр жердегі фермаға бірнеше отбасының шамасы жетеді деп ойладық», дейді ол.

Осылайша олар тұрғын үйлердің санын азайтып, тұрғындарға ортақ жерді өңдеуге мүмкіндік берген. Кейін олар ауыл шаруашылығын қорғаудың федералды бағдарламасы туралы естиді. Сөйтіп, оған 2004 жылы өтініш береді.

Бұл бағдарлама меншіктегі ферманы табиғи қалпында сақтауға мүмкіндік береді. Оның ішінде мемлекеттік құрылымдар электр құрылғылары желісі секілді мәселелермен аталған жерге араласатын болса, қаржылық төлем беруге міндеттеледі.

2005 жылы фермалар қоғамдастығына Берклидің қорғаныс кеңесі мен АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тебиғи ресурстарды сақтау қызметі коммерциялық несие берген. Бұл қаржыға ферма маңына бассейн, сарай салынып, 16 тұрғын үй жөндеуден өткен. Ауыл шаруашылығын сақтау бағдарламасы 20 акр жерге бір үй салуға рұқсат берген. Бара, бара қоғамдастық Ассоциацияға айналған.

Жыл сайыын қаңтар айында Фермалық шаруашылық комитеті Ассоциациядағы отбасылардың ұсынған жобаларын қарастырып, оның ішінен ортақ жерде жүзеге асыруға болатынын таңдайды.

Ассоциация талаптарының бірі – тұрғын үйлердің ыңғайлы әрі шағын болуы. Грувтың айтуынша, техниканы қолдану да ортақ жүзеге асырылады. Ферма маңындағы бассейн төрт штатқа қарап тұр: Батыс Вирджиния, Мэриленд, Пенсильвания, Вирджиния. Бассейнде, сондай-ақ, массаж ваннасы, сауна, ашық асхана, демалыс орны мен суды жылытып тұратын 25-метрлік күн батареялары орналастырылған. Сонымен қатар, ферма маңында велосипедтен немесе жаяу қыдыруға мүмкіндік беретін жолдар да қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат