Басқарылуы оңай ұшақ прототипі құрастырылды (видео)
|
Airhart Sling моделі электронды жүйені пайдалана отырып, әуеде күрделі маневрлерді дербес, яғни, өз бетінше орындауға қабілетті. Оның бұл артықшылығы әуе кемесін жаппай тұтынуға барынша қолайлы етпек. Бұл жайында islam.kz порталы 24Gadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Airhart Sling TSI ұшағы моделінің Sling Aircraft нұсқасына негізделген. Жеңілдетілген ұшақ сағатына 274 шақырым крейсерлік жылдамдықпен қозғалуына ықпал ететін Rotax 915iS қозғалтқышымен жабдықталған. Ұшу диапазоны 1482 шақырымға жетеді, ал отын шығыны сағатына 28 литрді құрайды. Бұл ұшақта кәдімгі басқару элементтерінің көбі жетіспейді. Мысалы, рулдің өзі де, рул басқыштары жоқ. Оның орнына кабинада Airhart Assist деген атауға ие бір ғана басқару таяқшасы (тұтқасы) пайдаланылады. Ұшқыш әуе кемесінің ұшуы және өз бетінше қонуын қалайтын бағытта тұтқасын басуы керек. Қазіргі уақытта Airhart Aeronautics компаниясы 50 ұшақтан тұратын алғашқы партиясына алдын ала тапсырыстар қабылдап жатыр. Алдын ала тапсырыс берсеңіз 1000 долларды кепілдікке қоясыз. Ал ұшақтың жалпы құны - 500 000 доллар. 2026 жылы алғашқы тапсырыс қожайынына беріледі.