Бақытты болуға үйрететін пән енгізіледі
|
Көп ұзамай Әбу-Даби университеті қабырғасында тура мағынасында бақытты болуға үйрететін дәріс басталады. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш пән барлық студенттерге міндетті. Пәннің нақты ресми атауы: "Бақытқа жетудің танымы және жағымды психология". Аталмыш пән бойынша берілетін дәрістерде адамның жағымды жақтарына, адамгершілік қасиеттеріне көбірек көңіл бөлінеді. Бұдан бөлек, студенттерге өз бойында бұғып жатқан қарым-қабілетін барынша көрсетуіне жағдай жасалады. Сөз орайы келгенде, естеріңізге сала кеткенді жөн көріп отырмыз: 2016 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде бақыт министрлігі құрылды. Бұл турасында кезінде хабарлағанбыз. Сондай-ақғ бақытты елдер санатында, яғни, халықаралық рейтингте аталған ел бесінші орыннан көрінген.