Балық пен өзге де теңіз өнімдеріне деген қажеттілікті азайтудың бір амалы табылды (видео)
Балық пен өзге де теңіз өнімдеріне деген қажеттілікті азайтудың бір амалы табылды (видео)
1 жыл бұрын 927 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Cингапур ғалымдары 3D-принтерде калмардың сақинасын имитациялайтын вегандық теңіз өнімін басып шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдар ұсақ балдырлардан және маш бұршақтарынан бөлінетін өсімдік ақуыздарынан жасалған пастаны пайдаланды. Зерттеушілер ақуыздарға құрамында омега-3 май қышқылдары бар өсімдік майын қосты. Алынған паста содан кейін принтерде қолданылып, аэрогрилде (ауаны қыздыратын құрылғыда) термиялық өңдеуден өтті. Аталмыш технология болашақта жаһандық жылынудан биологиялық әралуандылықтың жойылу қатері кезінде азық-түлік дағдарысымен күресуге көмектеседі, дәлірегі, балық пен өзге де теңіз өнімдерін шектен тыс аулап, жұтаң тартқан экологияға одан ары зиян келтірмеуге мүмкіндік береді. Яғни, өсімдік негізіндегі азық баламасын ұсынады. Ғалымдар мұндай тағамның денсаулыққа қандай пайдасы болатынын атап өтті - принтерде басып шығарылған тағамның құрамында теңіз өнімдерінде кездесетін ауыр металдар мен микропластиктер болмайды.

0 пікір
Мұрағат