Баланы ұрып-соғып тәрбиелеу бала миының дамуын тежейді
Баланы ұрып-соғып тәрбиелеу бала миының дамуын тежейді
4 жыл бұрын 3836 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Әлемге әйгілі Гарвард университетінің ғалымдары балаға күш қолданып тәрібиелеудің, тіпті, шапалақпен тартып жіберудің өзі олардың миына зорлық-зомбылықтың ең ауыр түріндей әсер ететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Society for Research in Child Development Journal мерзімді басылымы мен осы жаңалық турасында хабар таратқан  LADbible ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Балаға сес көрсету, қатыгездік таныту жеткіншек миының белгілі бір бөліктерінде белсенділік тудырады, егер мұндай қарым-қатынас жиі қайталанса немесе тұрақты сипат алса, бала күйзеліске бой алдыруы мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеуге ұрып-соғып тәрбиеленген 10-11 жастағы 147 бала тартылды. Аталмыш тәжірибе барысында оларға адамдардың түрі эмоциялары (қалыпты, үрейлі, т.б.) бейнеленген видео көрсетілген екен. Видеоны тамашалау кезінде олардың ми белсенділігі магнитті-резонанстық томография көмегімен қадағаланды. Бейтарап бейнеге қарағанда үрейлі жүздер балалар миының кей бөліктерін белсендірген. Әсіресе, зорлық-зомбылық көрген балалар миында. Ал күш қолданып тәрбиелеуді көрмеген балалардың реакциясы әлсіз болып шыққан. Осыған орай аталмыш зерттеуге атсалысқан профессор Кэти А. Маклафлиннің айтуынша, баланы ұрып-соғып тәрбиелеудің оның психикасына тигізер қатері жоғары болмақ. Дәлірегі, оның дамуына кері әсерін тигізеді. Осы орайда бүгінгі таңда әлемнің 130 елінде баланы ұрып-соғып тәрбиелеуге әлі заңмен тыйым салынбағанын айта кеткен жөн.

Ұқсас материалдар:

«Балаларды күш қолданып тәрбиелеуге басыбүтін тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/balalardy-kush-qoldanyp-tarbieleuge-basybutin-tyiym-salynady-12804/);

«Бала кезде алған жан жарасы мен тән жарақатына қатысты ақпарат оның ұрпағына да берілетін болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bala-kezde-algan-jan-jarasy-men-tan-jaraqatyna-qatysty-aqparat-onyn-urpagyna-da-beriletin-bolyp-shyqty-14725/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат