БАӘ президентінің отбасы әлемдегі ең бай отбасы болып шықты
БАӘ президентінің отбасы әлемдегі ең бай отбасы болып шықты
2 жыл бұрын 1717 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британдық The Times мерзімді басылымы әлемдегі ең дәулетті отбасылардың рейтингісін түзді. Аталмыш рейтингтегі бірінші орында Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті Мұхаммед бен Заид әл Нахайанның отбасы тұр. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. әл-Нахайандықтардың байлығы шамамен 300 миллиард долларға бағаланған. Бұл байлық негізінен энергетикалық саудадан түсетін табыстан, сондай-ақ, сауатты инвестициялық саясаттан, оның ішінде әртүрлі компаниялар мен жылжымайтын мүлік нарығына құйылған инвестициядан түскен табыстан тұрады. Атап айтқанда, Әбу-Дабилік отбасы қаржы секторынан робототехникаға дейін түрлі салалармен айналысатын 27 мыңнан астам адам жұмыс істейтін Royal Group компаниясына иелік етеді. Сонымен қатар, бұл отбасының ағылшындардың «Манчестер Сити» футбол клубының, Илон Масктың SpaceX компаниясының және әнші Рианна Саваж x Fenty сән үйінің акцияларына ие екені белгілі болып отыр. Аталған рейтингтің екінші қатарында байлығы 224,5 миллиард долларға бағаланған Walmart сауда желісінің қожайыны - америкалық Уолтон отбасы жайғасқан. Алдыңғы бестікке, сонымен қатар, кондитерлік компанияның негізін қалаушы Марс отбасы (160 миллиард доллар), Koch Industries өнеркәсіптік конгломератын басқаратын Кох отбасы (128,8 миллиард доллар) және Сауд Арабиясының королдік отбасы (105 миллиард доллар) кіреді.

0 пікір
Мұрағат