Азия халқы еуропалықтарға немесе америкалықтарға қарағанда аз ұйықтайтын болып шықты
Азия халқы еуропалықтарға немесе америкалықтарға қарағанда аз ұйықтайтын болып шықты
1 жыл бұрын 955 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сингапур ғалымдары Азия тұрғындарының еуропалықтар мен америкалықтарға қарағанда аз ұйықтайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сингупарлық ғалымдардың бұл тараптағы зерттеуіне фин ғалымдары да атсалысқанын айта кету керек. Дәлірегі, бұл фактіні ұйқыға арналған смарт сақина арқылы анықтай алған екен. Ғалымдар әлемнің 35 елінен 220 мың гаджетті, яғни, смарт сақинаны таққандардың жалпы саны 50 млн түнгі ұйқысына қатысты деректі жан-жақты талдап, сараптамадан өткізді. Белгілі болғандай, әйелдер ерлерге қарағанда орташа есеппен шамамен 25 минут ұзағырақ ұйықтайтын болып шықты. Бұған қоса, демалыс күндері адамдар әдеттегі режимнен 15-35 минут кеш ұйықтап, әдеттегі режимге қарағанда бір немесе бір жарым сағат ұзағырақ ұйықтайтын болып шықты. Бір қызығы, Азия тұрғындары еуропалық немесе америкалық азаматтарға қарағанда аз ұйықтайды – жұмыс күндері де, демалыс күндері де. Бұл зерттеу өз кезегінде еуропалықтар мен азиялықтардың еңбекке деген көзқарасын айқындап берген еді. Дәлірегі, еуропалықтардың жұмысты алдыңғы орынға қоймай, өз-өзін күту үшін демалысқа көбірек көңіл бөлетінін көрсетіп берген.

0 пікір
Мұрағат