Аятолла терминіне үңілушілер қарасы көбейген
Аятолла терминіне үңілушілер қарасы көбейген
1 сағат бұрын 78 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Интернет иіріміндегі әлеуметтік желіден бастап түрлі платформаларға дейін сан алуан дерек көздерінде Таяу Шығыс аймағындағы қарулы қақтығыс пен шиеленіске байланысты, соның ішінде Иран факторына қатысты талдау материалдарында аятолла терминінің астырана үңілгендер қарасы көбейген. Бұл жайында islam.kz порталы цифрлы бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аятолла – шиғалар арасындағы ең мәртебелі атақ немесе титул. Бұл терминнің этимологиясы араб тіліне барып тіреледі: «Алланың аяты», дәлірегі, «Алланың аян-белгісі» мағынасына келеді. Шиғалықта аятолланың ең басты артықшылығы немесе құқығы – ешкіммен ақылдаспай бір өзі пәтуа шығарады. Күрделі әрі өзекті мәселелерде де. Бұл термин ең алғаш рет XVIII—XIX ғасырларда шиғалар арасында пайда болғанымен тек ХХ ғасырда кеңінен танылды. Аяятолла термині пайда болмай тұрып, діни иерархиядағы аса мәртебелі тұлғалар мүждаһит деп аталды. Осылайша шиғалар арасындағы діни иерархияның күрделі жүйесі қалыптасты. Бұл иерархияның ұшар шыңында аятолла тұрады. Аятолла титулына ие болуы үшін діндар ғұлама ұзақ жыл бойы медереседе білім алуы шарт әрі шариғат талаптарын терең меңгеріп шығуы тиіс. Аталмыш титулдың ең басты ерекшелігі сонда – оны мемлекет таңбайды немесе мұрагерлік жолмен берілмейді. Діни қауымдастық аятоллаға үміткер тұлғаға оның білім деңгейі мен артынан ерген жамағанының санына қарап береді. Аятолла термині, әсіресе, өткен ғасырдың екінші жартысында Таяу Шығыстағы ең ірі саяси оқиғадан соң – Ирандағы ислам революциясынан кейін танымалдылыққа ие болды. Аятолла Рухолла Хомейн бастаған шиғалық топ шаһты тағынан аударып тастаған соң белгілі болды. Бүгінгі таңда аятолла тек діни ортада ғана емес, сонымен қатар, саяси кеңістікте те маңызды рөл ойнайтын ықпалды тұлға. Аятолла неге тек діни ортамен шектелмейді, неге саяси процестерге араласады? Мұның себебі, шиғалық идеологиясын тарату, ықпалды тетікке айналдыруда жатыр.

0 пікір
Мұрағат