Автожаңалықтар: Гелендваген енді мүлде шығарылмайтын болды
Автожаңалықтар: Гелендваген енді мүлде шығарылмайтын болды
7 жыл бұрын 15622 naryk.kz 7kun.kz innotechnews.com

Mercedes-Benz G көліктері 40 жылдан бері шығарылып келеді. Алғашқы сериялық өндіріс 1979 жылы басталса, бүгінге дейін Гелендвагеннің 300 мың данасы шығарылған екен, деп хабарлайды The Driver басылымы. 

Биыл қыста немістер эксклюзивті Mercedes-Maybach G 650 Landaulet көліктерінің барлығын сатып жіберсе, артынша G 500 4×4² көліктерінің барлығы өтіп кетті.

Бүгінде енді кәдімгі Гелендвагеннің соңғылары шығарылып жатыр. Соңғы модельдер осы қазан айының соңына дейін бар болғаны 65 дана болып шығады. Көліктің бағасы әзірге белгісіз.

Соңғы шығарылмың құрметіне көліктің моделі Mercedes-AMG — G 65 Final Edition деп аталуда.

Жаңа көліктер 6 литрлік V12 қос турбиналы болып шығарылуда. Көлік 100 км/сағатты 5,3 секундта алғанымен, максималды жылдамдық 230 км/сағатпен шектеледі.

Жаңа көліктің бұрынғыларынан айырмашылығы интерьерде. 

 
2018 жылы Қытай 1 млн электркөлігін шығарады

2018 жылы Қытайда электрлі көлік өндірісі бір миллион, 2020 жылы үш миллион бірлікке жетуі мүмкін деп мәлімдейді BAIC Group директорлар кеңесінің төрағасы Сюй Хейи. Бұл туралы Reuters жазды.

Қытай автокөлік өндірушілерінің ассоциацияcы мәліметінше, 2017 жылдың үш тоқсанында 424 000 жаңа көлік құралдары шығарылған. Оның ішінде гибридті көлік 2016 жылдан  40,2% артық.

«Бензинмен жүретін көліктерден бас тарту үшін, ең алдымен электрлі көліктердің танымалдылығы мен нарықтағы үлесі қандай екенін ескеру керек«, — дейді Сюй.

Қыркүйекте Қытай өнеркәсіп министрлігі бензинмен жүретін автокөлікті өндіру және  сатуды тоқтату туралы мәселені қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.

BYD электр көлігін өндіруші компанияның төрағасы Ван Чуанфудің айтуынша, 2030 жылы Қытайдың барлық көлік құралдары электрленуі мүмкін.

 электр көлігін 

Mitsubishi компаниясы 11 жаңа модель шығарады

Жапон компаниясы Drive to Growth атты жаңа даму стратегиясын дайындап, соған сай сатылымды 30% ұлғайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

2020 жылдың соңына дейін жаңа стретгия аясында Mitsubishi Motors компаниясы жаңадан 11 модель шығарады, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.

Жаңадан шығатын модельдерді былай қойғанда, ескі моадельдердің өзі адам танымастай өзгеретіні айтылуда.

Жоспар бойынша, компания әлемдегі ең көп сатылатын көліктердің бестігіне кірмек.

Сонымен қатар компания зерттеу жұмыстарына бөлінетін қаржыны 50 пайызға ұлғайтпақ.

 
0 пікір
Мұрағат