Автожаңалықтар: Автокөлікке электронды нөмір енгізіледі
|
Келесі айда Дубай әмірлігінде GPS-антеннасы, ақпарат тасымалдаушы датчигі, экраны бар электронды автокөлік нөмірі сынақтан өткізіле бастайды. Мұндай технология қолданысқа енгізілсе, шұғыл әрекет ететін қызметке жол-көлік апаты туралы ақпарат беріледі, бұдан бөлек, автокөлік ұрлап айдап әкеткен жағдайда автокөліктің ұрланғаны жөнінде жазба пайда болады. Эранында. Бұған қоса, "ақылды" нөмір өзге көлік құралдарымен байланыса алады: жолдың жағдайы, жолдағы апат жайында автокөлік қожайыны хабардар болып отырады. Дубай билігінің өкілдері мұндай нөмірдің артықшылығын тілге тиек етті: оны темір нөмір секілді ауыстырып жатпайсыз, интернет арқылы ауыстыруға болады. Десе де бір кілтипаны бар: электронды нөмірді пайдалану барысында аптап ыстықтан жүйе істен шығып қалуы мүмкін. Мамандар осы жағына бас қатырып жатыр қазіргі уақытта.