|
Ауруды басатын азық түрлері аталды
|
В. В. Виноградов атындағы Мәскеу қалалық клиникалық емхананың невролог дәрігері Петр Соков «Аргумент и факт» деп аталатын мерзімді басылымға берген сұхбатында ауру басатын азықтарды атады. Оның айтуынша, жеуге келетін, ауру басатын азықтардың ішінде чилилік ашшы бұрыш көш бастап тұр. Өйткені, оның құрамында капсаицина бар. (Капсаици́н — Capsicum бұрышында кездесетін алкалоид. Еш қоспасы жоқ капсаицин удай ашшы дәмі бар түссіз кристалды зат болып келеді). Чилилік ашшы бұрыш науқастың аузын күйдіріп, ауруын ұмыттырады. Ал бас ауруын басуға кофе көмектеседі. Әйтсе де ол қан қысымы төмен адамдарға ғана көмектеседі, ал қан қысымы жоғары адамдарға керісінше әсер етеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Құлдық индексі, бала сату және «алтын үшбұрыш»: Қазақстанның адам саудасымен күресі
■
Қазақстан Орталық Азияда тағы бір саланың тұңғыштар тізімін толықтырды