«Ұлы боксшы жұдырығын соңғы рет көтерді», – делінген қолтаңбада.
Мұхамед Әлі 3 маусым күні Аризон штанының Феникстегі ауруханада 74 жасында өмірден озды. Ол ауруханаға тыныс алуы нашарлап түскен.
Әлінің соңғы 30 жыл бойы Паркинсон дертімен ауырғаны белгілі. Отбасы мүшелерінің айтуынша, Мұхамед Әлі әйелімен, бала-шағасымен қоштасып үлгерген екен.
Оның хатшысының мәлімдеуінше, атақты боксшы белгісіз себептермен септикалық шок алу нәтижесінде қайтыс болған.
Әлі – ауыр салмақтағы үш дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз боскшы.
Америкалық атақты боксшыны жерлеу рәсімі жұма күні, оның туған қаласы Кентукки штатындағы Луисвиллда өтті.
Боксшының туыстары хабарландыру таратып: онда «Жер бетіндегі кез келген адамның боксшымен қоштасуға қатыса алатыны» жазылған.