Ашығудың күтпеген нәтижесі анықталды
Ашығудың күтпеген нәтижесі анықталды
7 жыл бұрын 4439 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бразилиялық ғалымдар ашығудың адам ағзасына, дәлірегі, денсаулығына тигізер белгілі пайдаларынан басқа күтпеген салдарын байқаған. Cell Reports мерзімді басылымында зерттеу нәтижесі жарияланған тәжірибе тышқандардың екі тобына жүргізілген екен. Алғашқы тобын тамақпен тойдырмай, ашқұрсақ ұстаған, ал екіншісі тобы тамақтан кемдік көрмеген. Күнделікті тұтынатын тамақтың тек 60 пайызын ғана қанағат етуіне тура келгендерінің салмағы алты айдың ішінде екі есе жеңіл тіартқан. Бұған қоса, терідегі түктерінің қалыңдығы мен ұзындығы артып,түктері жылтыраған. Сонымен қатар, терідегі қан тамырларының ұзындығы үш есе артқан. Ғалымдардың айтуынша, бұл өзгеріс тышқандардың өзгеріске бейімделгенін білдіреді әрі ағзадағы жылуды аз жоғалтатын болған. Денедегі температураны бір қалыпты сақтауы үшін. Бұл процесс ұдайы ашығып жүретін адамның бойында да болатынын алға тартып отыр. Ең бастысы, ашығу адам денсаулығын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар, өмірін ұзартады.

0 пікір
Мұрағат