Аса күрделі отадан жаны да, тәні де түлеп шықты
Аса күрделі отадан жаны да, тәні де түлеп шықты
8 жыл бұрын 3885

Бұл арадам қазақтың «ауырып тұрды, қунап тұрды» деген сөзі күрделі отадан жаны да, тәні де түлеп шыққан мароккалық әйелдің басындағы жағдайды толық ашып бере алмақ емес. Біз сөз етіп отырған 39 жастағы Самира Бенхар «нейрофиброматоз» деп аталатын сирек кездесетін сырқаттан бір жақ беті көнектей боп ісіп кеткен еді. Сырқатын сылтау еткен күйеуі оны екі баламен тастап кетті. Біреуі 9, енді біреуі 12 жастағы. Самира аурудан айығудан күдер үзген болатын. Тек бір жағдай болмағанда – саябақта серуендеп жүргенде оған бейтаныс біреу келіп, ісіктен адам көргісіз боп кеткен жүзінің фото-суретін сұрады. «Сізге уәде бермесе де қолымен келген көмегімді аямаймын»,- деді бейтаныс. Көп ұзамай оны Испанияға шақыртты. Оған әлемге әйгілі хирург Педро Кавадастың өзі пластикалық ота жасады. Нәтижесінде Самираның халі біршама тәуір боп қалды. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Daily Mail» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат