Аса ірі мұздықтың тез еруі қандай апатқа апарып соқтырады (видео)
Аса ірі мұздықтың тез еруі қандай апатқа апарып соқтырады (видео)
6 жыл бұрын 4197 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Колорадо университетінің ғалымдары Карс пен Лаптев теңіздерінің арасындағы әлемдегі аса ірі мұздықтың рекордтық жылдамдықпен еріп бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. DigitalGlobe  спутнигінің көмегімен алынған әрі АҚШ-тың ұлттық, геокеңістік барлау агенттігінің келтірген деректерді саралаған ғалымдар Вавилов деп аталатын арктикалық мұздықтың 2010 жылдан бастап тез ери бастағанын байқаған екен. 2015 жылы мұздық 100 метрге дейін кеміп, осы уақыт аралығында 4,5 мың текше шақырым мұзынан айырылған. Мұндай мұз жамылғысы жер бетінің шамамен 483 000 шақырымын алып жатыр. Климаттың жылынуына байланысты теңіз деңгейі күрт көтеріліп келеді. Бүгінде аталмыш мұздық тәулігіне 5-10 метр жылдамдықпен сырғып келеді. Ғалымдардың айтуынша, мұздық ұшар басының төменгі жағы ери бастаған сәттен сырғуға көшкен. Үйкелістен мұздық тез еруде.

0 пікір
Мұрағат