Аса ірі жыртқыш құс түріндегі барлаушы дрон жасалды (видео)
|
Бүгінде қарулы қақтығыстар мен әскери операцияларда ұшқышсыз ұшатын аппараттар жиы қолданылады, яғни, бүгінгі майдандағы негізгі қаруға айналды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім еттеді. Біріншіден, өзге қарулар өнірісіне қарағанда арзанға түсетіндігімен, екіншіден, адам шығынын болдырмайтындығымен аталған қару түріне сұраныс артып келеді. Десе де дрондарды қағып түсіретін әуе қорғаныс жүйесінен немесе жау көзінен жасырудың, елеусіз етудің, байқатпаудың әдіс-тәсілін іздестіріп жатыр. Guard From Above (Нидерланды) компаниясы бір кездері жыртқыш құстарды жаудың ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күресуге баулумен аты шыққан. Енді аталмыш компания пішіні мен көлемі, қимыл-қозғалысы жыртқыш құстарды айнытпай салатын, яғни, нағыз қыранған ұқсайтын Evolution Eagle дронын құрастырыпты. Дрон құс кейбір баламаларына қарағанда қанатын қағу есебінен ұшпайды, қанатының алдыңғы жағындағы қозғалтқыш көмегімен ұшады, дәлірегі, қалықтап ұшады. Тіпті, біршама уақыт қозғалтқышты пайдаланбай, ауа ағынына ілесіп ұшады. Осылайша аккумулятор қуатын үнемдейді әрі артық дыбыс шығармайды. Evolution Eagle кірістірілген FPV камерасы арқылы нақты уақытта оператормен жерден басқарылады. Дронның артқы жағында қажет болған жағдайда термобейнелеу немесе карта түсіру камерасын немесе қарсы UAV жүйесін орналастыруға болатын бөлім бар. «Жер» күйінде дрон бөлшектеліп, арнайы қорапқа салынады. Дрон үш минут ішінде жауынгерлік жағдайға келтіріледі, содан кейін ол қолмен ұшырылады