Артық салмақтан зардап шегетін балалардың есейгенде алжуға бейім келетіні анықталды – зерттеу
Артық салмақтан зардап шегетін балалардың есейгенде алжуға бейім келетіні анықталды – зерттеу
2 жыл бұрын 1514 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2050 жылға дейін күллі әлем бойынша деменция дертінен зардап шегетіндер қарасы 150 млн адамнан асады. Аталған нейродегенерациялық дертке қарсы дәрі әлі табылған емес. Бұл жайында islam.kz порталы Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу барысында балалық шағында артық салмақтан зардап шеккендердің есейгенде немесе қартайғанда алжуға бейім келетіні белгілі болды. Бұл тараптағы зерттеу деректері мектепттегі жасынан бастап 30 жылдан аса уақыт бойы денсаулығы қадаланған 1200-ден аса адамның мәліметіне негізделген. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Мелбурндегі Монаш университетінің профессоры Мишел Каллисайяның айтуынша, бала кезінен семіздік зардабын тартқандардың есейгенде немесе жасы ұлғайғанда жадысы нашарлап, конгнитивтік функциясы бәсеңдейді. Осының салдарынан есейгенде еңбекке жарамдылығы төмендейді. Бұл баланың болашақты толыққанды өмір сүруіне кедергі келтіретін факторға айналады. Бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін, дәлірегі, мидың артық салмаққа байланысты дұыс дамымай қалуының алдын алу үшін балалардың артық салмақтан қорғаудың стратегиясын әзірлеудің маңызы зор. Бұл үшін балалардың дене белседілігін арттыру, балық майын, көкөніс пен жеміс-жидекті жиі тұтыну секілді саламатты өмір салтын ерте бастан қалыптастыруды әдетке айналдыру керек.

0 пікір
Мұрағат