Артық салмақтан арылғандарға сыйақы беріледі (фото)
Артық салмақтан арылғандарға сыйақы беріледі (фото)
6 жыл бұрын 4019 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемді жайлаған семіздік індеті Қытайды да айналып өтпейді. Тіпті, бұл елде семіздік дереу шешімін табуы тиіс күн тәртібіндегі өткір мәселелердің біріне айналған. Аталған елдің денсаулық сақтау саласының мамандары дабыл қағып отыр: 2030 жылға қарай әрбір бесінші қытай семіздіктен зардап шегетінін алға тартып отыр. Сиан қаласындағы инвестициялық-консалтингтік компания басшылығы өз қызметкерлерін саламатты өмір салтын ұстауға ынталандыру үшін ерекше көтермелеу шарасына барып отыр. Аталған компания осылайша еңбек өнімділігін арттыруға күш салып отыр. Бұл жайында Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, аталмыш компания жетекшісі Ванг Сюэбао артық салмақтан арылғандарға ақшалай жәрдем беретінін мәлімдеді. Оның өзі де семіздіктен зардап шеккен, артық салмақтан әрең арылған адам. Артық салмақтан арылған қызметкерлеріне 100 юан (15 доллардан сәл көбірек) беріп отырмақ. Әр келісіне. Нәтижесі де жаман емес. Мәселен,  Чжоу Вэй есімді компания қызметкері екі айдың ішінде 20 келі артық салмақтан арылып, 2000 юан алған екен. Ол артық салмақтан қалай арылды? Майлы тағамдардан бас тартып, спортпен шұғылдануды әдетке айналдырған. Кеңседе тапжылмай отырудан семіріп кеткен қызметкерлер одан үлгі алып, саламатты өмір салтына көшкен.

0 пікір
Мұрағат