"Арсыз болмай, атақ жоқ": жат әдет жағадан алып барады (видео)
"Арсыз  болмай, атақ жоқ": жат әдет жағадан алып барады (видео)
5 жыл бұрын 3109

Әкесінің өлімін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген блогер сынның астында қалды.

Филиппиндік блогер Кит Таленс желіге әкесінің өлімін жүктеп, сынның астында қалды. Бүгінгі күні Youtube сайтындағы видео 5 миллионнан аса қаралым жинаған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Видеоның басында әкесінің қайтыс болғанын білмейтін блогер жанұясымен бірге көлікте келе жатқанын көруге болады. Жанұя мүшелері әке күніне арнайы жасаған тосынсыйларын талқылайды. Бірнеше минуттан кейін көлік ішіндегі адамдардың баяндамасы кенеттен үзіліп кетеді. 

Камераға Таленстің әкесінің мәйітін құшақтап, шыңғырып жылағаны түсірілген. Блогердің сөзінше, әкесі жүрек талмасынан қайтыс болған. Таленске мұны өгейшешесі хабарлаған. 

Әлеуметтік желі қолданушылары жігітке қайғырып көңіл айтты. Алайда, Таленстің іс-әрекетін, әкесінің өлімін көпшілікке көрсеткені үшін сынағандардың саны көп болды. 
"Жақын адамның өлімінен контент жасау керек пе еді?" "Өз әкесінің мәйітін көрсету — құрметсіздік. Видеоның сол жерін кесіп тастауға да болатын еді" , — деп жазды олар. 

0 пікір
Мұрағат