Армяндар кезінде мұсылман болған ба?
Армяндар кезінде мұсылман болған ба?
7 жыл бұрын 7755 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Е. Аматуни есімді түркиялық мұсылман армян тілі мен мәдениетін зерттей-зерделей келе өзінің түбі армяндардан тарайтынына көз жеткізіп, таңданысында шек болмаған. Әлбетте, оның армян достары болғанымен, асыл дінімізге шүбә келтірген емес - армян достары оны "ата-баба ұстанған христиан" дініне оралуға шақырғанымен хақ жолдан таймады. Негізі Аматуни - оның бүркеншек аты, яғни, әдеби псевдонимі. Ыстамбұл шаһарында тұрады. Үш баланың әкесі, саудамен айналысады. Канадада туризм саласы бойынша университет аяқтаған. Мәскеу қаласындағы армян мұражайы сайтына берген сұхбатында ол өзінің түрік екеніне шүбә келтірмеген, тіпті, ойына да кіріп-шықпаған, ол ол ма, үш ұйықтаса түсіне кірмеген жайт. Ол, тіпті, тігісін жатқыза айтқанда, армяндарға сақтана қарайтынын да жасырмады. "Сіздер сенбейсіздер ғой айтсам, Ыстамбұлдың телефон анықтамалығын алып, армян есімдерінің телефонына қоңырау шалып, елімізден табанын жалтыратуды талап еткен кездерім де болған" деп ағынан жарылды. "Бұл тақырыпқа неғұрлым тереңдеген сайын соғұрлым шындыққа көз жеткізе түстім. Белгілі бір уақыттан кейін қай ұлтқа жататынымды білу үшін ДНК анализін тапсырдым. Белгілі болғандай, бойымда түріктің қаны болмай шықты, барлық көрсеткіш армян екенімді әйгілеп берді",- деді ол. Осылай дей келе ол Ыстамбұлдағы армяндар туралы ғаламторды ақтарып, дерек іздегенін жеткізді. Артынан армян курсына жазылған. Ол қазір армян тілінде жазып-сыза алады, хат таниды, десе де әлі де армян тілі мен мәдениетін зерделеуді жалғастыруда. Ол отбасымен екі рет Арменияда болып қайтты. Бір қызығы, ол армяндар арасында мұсылмандардың да қарасы көп екенін таңдана жеткізді. Яғни, мұсылман армяндардың қарасы миллиондап саналады. Әдетте саны аз армяндардың жартысы мұсылман болып шыққан. Христиан мемлекеті бола тұра. Ол осыған бас қатырған екен. "Мені исламға өткен армяндардың "ата-баба дініне" шақырғандарға неге үн қоспайтыны толғандандырады. Тіпті, мұсылман армяндарға христиан армяндар бұл дінді күштеп танғанын естеріне салса да исламнан шыққысы келмейді. (Ескерту: ислам - хақ дін, сол себепті, армяндар тура жолдан тайғысы келмейді деп түсініңіздер, контексті басқаша түсініп қалмаңыздар - ред.). Мұсылман армяндар шынымен тура жолға қалай келген? Сырттан күштеп танғандықтан ба немесе жиза төлемеу үшін қабылдаған ба? Бұл жағы кейінгі ұрпаққа маңызды емес, өйткені, олар мұсылман отбасында дүниеге келген. 

0 пікір
Мұрағат