Әрі желдеткіш әрі шаңсорғыш құрылғысы пайда болды (видео)
|
Zera Max құрылғысы шағын көрінгенімен қуатты желдеткіш пен шаңсорғыштың мүмкіндіктерін біріктірілген. Оның пішіні балға тәрізді және өлшемі - 35 x 80 x 123 миллиметр, ал салмағы небәрі 265 грамм тартады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерекше гаджет арқылы допты үрлеп қана қоймай, сонымен қатар, үстелдің шаңын немесе шатыр аймағындағы жапырақтарды, т.б. тазалай аласыз. Минутына 150 000 айн жылдамдықпен айналатын электр қозғалтқышынан шығатын ауа ағыны үрлеп от тұтатуға немесе жәндіктерден қорғауға көмектеседі. Құрылғы 4000 мАч сыйымдылығы бар кірістірілген аккумулятордан қуат алады. Осының өзі толық жылдамдықта 3 сағат үздіксіз жұмыс істеуге жеткілікті. Зарядтау үшін стандартты USB-C кабелі пайдаланылады.