Арабтар су астынан жүретін пойыз теміржолын салады (фото)
Арабтар су астынан жүретін пойыз теміржолын салады (фото)
1 жыл бұрын 3205 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі соңғы ғылыми-тетехникалық жетістіктерді және осы заманғы озық технологияны тіршілігі жұтаң шөл даланы әлемдік туризм және қаржы орталығына айналдыру үшін мұнай шикізаты экспортынан түскен қаражатты экономиканы әртараптандыру бағытында үздік жобаларымен көзге түскен ел. Арабтар бұл жетістіктерімен тоқмейілсіп қалмай, жаңа белестерді бағындыру үшін тың жобаларға ден қойып отыр. Сондай жобалардың бірі әрі біргейі – Фужайрадан Үндістанның аса ірі сауда-саттық әрі қаржы орталығына айналған Мумбай мегаополисіне дейін суасты теміржолын төсеу жатады. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2018 жылдан бері айтылып келе жатқан аталмыш жоба Араб теңізі жағалауы маңындағы су астынан теміржол тартуды ұйғарады. Ұзындығы 1900 шақырымнан асатын бұл теміржолмен аталған екі аланың арасында туристер мен жұмысшылар екі сағатта қатынайды. Яғни, ұшаққа қарағанда бір сағат сапарға аз уақыт кетеді әрі ұшаққа қарағанда қоршаған ортаға зияны аз жоба болайын деп тұр. Бұл өзгеше теміржол құрылысымен БАӘ-нің ұлттық кеңес бюросы айналысады. Мөлдір тоннел ішінен төселетін бұл теміржолда жолаушылар сапар кезінде суасты әлемін тамашалай алады. Алғашқы кезеңіне 1 млрд доллар қаражат жұмсалатын бұл жобаның толық аяқталуына шамамен 10 жыл кетпек.

Мумбаи

Мумбаи

Эль-Фуджайра до Мумбаи

подводный поезд

0 пікір
Мұрағат