Араб елінде туристер медициналық сақтандыру ала алады
|
Біріккен Араб Әмірліктеріне келетін туристер жеке куәлік, азаматтық, кеден және айлақтар жөніндегі федералдық органның (ICP) веб-сайтында немесе мобилді қосымша арқылы туристік визаға өтініш берген кезде медициналық сақтандыруды қоса ала алады. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құзырлы орынның бас директоры, генерал-майор Сухайл Саид әл-Хаили бұл жобаның төтенше жағдайларда медициналық көмек көрсетуге бағытталғанын айтты. Электронды платформада сақтандыруды алу процесі автоматтандырылады. Сақтандыру компанияларының өкілдері бұл бастама тек жергілікті денсаулық сақтау саласына ғана емес, туристердің өздеріне де пайда әкеледі, деп есептейді. Атап айтқанда, егер емханаға жатқызу қажет болса, олар аурухана төлемдерін төлеуге мәжбүр болмайды. Сарапшылар барлық саяхатшыларға сақтандыру шартының тармақтарын мұқият қарап шығуға кеңес береді. Туристердің мұндай қызметтің барын білмейді. Автоматтандырылған медициналық сақтандыру процедурасы енгізілгеннен кейін туристер өздері қалаған сақтандыруды таңдай алады - платформада ең бәсекеге қабілеттілері ұсынылады.