Әр алуан тапсырманы орындауға арналған робот көлемі мен пішінін өзгерте алады (видео)
|
Бристол университеті мен аталған жоғарғы оқу орнының роботтехника зертханасының инженерлері иілетін силфоны бар тетраэдр пішініде робот құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы IEEE Robotics and Automation Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Титтей саңылаудан өте алатын әррі ең қиын жерлерді еңсере алатын бұл Tetraflex роботы жұмыртқа секілді нәзік заттарды қаптап, жұмсақ дененің ішінде тасымалдай алады. Осылайша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Tetraflex-тің ерекшелігі сол - ол жан-жақтығ яғни, әмбебап және түрлі тәсілмен қозғала алады. Оны жер сілкінісінде үйінділер астынан адамдардың амандығы туралы ақпарат алуға, мұнай бұрғылау қондырғыларын тексеруге, тіпті, өзге планеталарды зерттеу барысында қиын аймақтарды шарлауға пайдалануға болады. Роботтың өзі қатты бағандар арқылы қосылған жұмсақ тораптардан тұрады. Олардың әрқайсысы тығыздалған резеңке силфоннан тұрады. Бағананың ұзындығын силфон ішіндегі ауа қысымын өзгерту арқылы басқаруға болады. Жоғары қысым силфонның кеңеюіне, ал төмен қысым оның жиырылуына әкеледі. Әрбір силфондағы қысымды бір уақытта бақылай отырып, инженерлер робот өзгерген кезде оның пішіні мен өлшемін басқара алады.
Силфон (ағылшындық Sylphon брендінен шыққан) - металл, металл емес және композиттік материалдардан жасалған серпімді, бір қабатты немесе көп қабатты гофрленген қабық құрылымы. Ол ішкі немесе сыртқы қысымның, температураның және механикалық кернеудің әсерінен қысу, созылу, иілу және олардың комбинацияларының жоғары циклды деформацияларында беріктік пен тығыздықты сақтайды.