«Ақылды линза» (видео)
«Ақылды линза» (видео)
11 күн бұрын 521 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Blink Energy технологиялық компаниясы өзінің ерекше құрылғысын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы  80 Level ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израилдік ғалымдардың қолынан шыққан бұл дүниені көбінесе Cyberpunk 2077 косплейімен шатастырып жатады, алайда, BlinkIT – кеңейтілген немесе толықтырылған шындықпен жабдықталған контактілі линзалар үшін қуат пен байланысты қамтамасыз ететін өте нақты құрылғы екенін айта кету керек. Blink Energy - смарт офтальмологиялық құрылғыларға арналған, сымсыз қуат және байланыс платформаларын әзірлейтін израилдік технологиялық компания. Бұл саладағы технологиялық қиындықтардың біріне жақын жерден қуат көзімен қамтамасыз етуде жатыр. Blink Energy әзірлеген BlinkIT осы олқылықтың орнын толтырады: құрылғы тікелей қабаққа бекітіледі және смарт құрылғыға жақын орналасуы өз кезегінде құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Аталмыш компания өкілдері мұндай контактілі линзадағы деректер қолданбада немесе бұлттық серверде тәулік бойы сақталатынын алға тартып отыр. Көзілдірік қондырғысы IOP немесе глюкоза сенсоры сияқты киілетін және имплантацияланатын құрылғыларға біріктірілуі мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат