Ақылды киім кигенде энергия өндіреді
Ақылды киім кигенде энергия өндіреді
20 күн бұрын 689 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Henrique Wink Reis / NC State University

Солтүстік Каролина штаты университетінің (Америка құрама штаттары) білікті мамандары энергия түзетін немесе қалыптастыратын материал ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар материалды жасау кезінде амфифилдер деп аталатын полярлығы (яғни, қандай да бір заттың беткі жағындағы кедір-бұдыр, былайша айтқанда, толқын) әртүрлі белсенді заттар туралы дерекке жүгінген екен. Бұған қоса, статикалық электрді жинау және энергияны сақтау технологиясын әзірледі, оны гаджеттерді немесе ақылды киімдерді қуатпен қоректендіру үшін пайдалануға болады. Бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі Лилиан Сиаоның айтуынша, амфифилді материал сипағанда жағымды әсер тудырып қана қоймай, сонымен қатар, бұл материалдың бір пұшпағының өзі 300 вольтқа дейін электр тогын өніде алады. Электр энергиясы материал адам денесімен жанасқанда, дәлірегі, адам денесімен үйкелгенде пайда болады. Бұдан бөлек, материалдың үйкеліс коэффициенті төмен болғандықтан киген адамға қолайсыздық тудырмайды.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 1 2