«Ақылды картоп» стартапы (видео)
|
CES 2020 көрмесінде (CES көрмесі туралы қысқаша мағлұмат: 1967 жылдан бері Лас-Вегас қаласында жыл сайын өткізілетін, тұтыну электроникасының замануи технологиясына арналған көрме. Аталмыш көрме тұрмыстық электроника өндіретін америкалық қауымдастықтың (2000-нан аса осы саладағы компания енген) бастамасымен өткізіліп келе жатыр). Биыл бұл айтулы шарада француздардыңBPZ Labs стартапы «ақылды картопты» жұртшылықтың назарына ұсынды. Жеміске кіріктірілген арнайы құрылғы «картоп тілін» түсінуге көмектеседі. Яғни, картоптың «жай-күйін» ұғуға септігін тигізеді. Бұл жайында 4PDA ақпарат көзі хабар таратты. Бұл жобаның авторлары осылайша адам мен картоп арасындағы «қатынасты» «тереңдетуді» көздейді. Жеміспен контакті смартфондағы арнайы қосымша арқылы жүзеге асады. «Ақылды картоптың» бағасы 34 долларды құрайды.