АҚШ мұсылмандарының мәзһабы қандай?
АҚШ мұсылмандарының мәзһабы қандай?
3 жыл бұрын 4481 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарындағы әлеуметтік саясат және түсіну институты осы заманғы америкалық мешіттерге қатысты арнайы зерттеу жүргізіпті  - америкалық жамағат арасында мәзһабтар мен діни тармақтардың қайсысы басымдық танытатынын анықтау мақсатында. Бұл жайында islam.kz порталы Religion News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Иһсан Багби есімді сарапшы бастаған зерттеушілер тобы анықтағандай, негізінен сүнниттерден тұратын америкалық жамағат арасында түрлі мәзһабтар мидай араласып кеткен. Бұдан бөлек, діни салада әйелдердің лидерлік рөлі артып келеді. Америкалық мешіттердің атқарушы кеңесінде әйелдер қарасы 67%-ды құрап отыр. 2000 жылы бұл көрсеткіш 50%-дан аспаған болатын. 2010 жылы 59%-ға жеткен еді. Бұған гендерлік теңдікке және адам құқығына айрықша мән беретін батыс елдерінің құндылығы өз ықпалын тигізгені себеп болып отыр. Өздеріңіз білесіздер, әлемнің көптеген мұсылман елінде жергілікті жамағат нақты бір мәзһабты ұстанады. Ад АҚШ-та әлемнің әр түкпірінен келген ұлты мен тілі басқа мұсылмандардың арасында нақты бір мәзһаб басымдыққа ие емес. Десе де құрама штаттар аумағында Ханафи және Шафиғи мәзһабы кеңінен тараған, сонымен қатар, Африкадан келген мұсылман иммигранттар қарасының көбеюіне байланысты Мәлік мәзһабын ұстанатындар қатары біртіндеп артып келеді. Бір қызығы, исламды қабылдап жатұан жергілікті америкалықтар арасында Мәлік мәзһабын таңдайтыдар қарасы көп болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат