Ақпаратты есте сақтаудың ең тиімді әдісі айтылды
Ақпаратты есте сақтаудың ең тиімді әдісі айтылды
4 ай бұрын 1087 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Темпл университеті мен Питтсбург университетінің ғалымдары материалды «сығымдау» арқылы ақпаратты есте тиімді сақтауға көмектесетінін анықтады. Бұдан бөлек, қоршаған ортаның өзгеруі де оқығанды көңілге тоқуға оң әсер етуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы The Week ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, әралуандылық ақпаратты есте сақтауда маңызды рөл ойнайды. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқандарға бірлі-жарым заттар мен түрлі көріністер көрсетілді, дәлірегі, олардың айналасындағы көріністер өзгерген кезде объектілер (зат) сол күйі өзгеріссіз қалады. Белгілі бір түрлендіру енгізілген кезде біздің миымыз ақпаратты жақсы есте сақтайтыны анықталды. Сонымен, бір нысанды түрлі көріністерде немесе жағдайларда көргенде, біз оны жадымызда жақсы сақтаймыз. Материалды қайталау арқылы есте сақтау тиімділігін немесе әсерін материалға қатысты қоршаған ортаны немесе жағдайларды түрліше өзгерту арқылы есте сақтау тиімділігімен салыстырды: ғалымдар есте сақтаудың ең тиімді болуына соңғы факторлар ықпал етеді деген қорытындыға келді.

0 пікір
Мұрағат