Ақ нәсілді америкалық қалай исламды қабылдап, имам атанды
Ақ нәсілді америкалық қалай исламды қабылдап, имам атанды
5 жыл бұрын 2897 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Миссисипи штатының Джексон қаласының тұрғыны әрі жұмысшы Шейн Аткинсон бірде жергілікті супермаркет маңында мұсылман отбасымен жолығысып қалады. "Олар: "Сен мұсылмансың ба?" деп сауал қойған еді. Бұл жайында (Құдайға деген сенім туралы) алғаш ойланғаным осы кез. Мен "иә, мен мұсылман шығармын" деп жауап қайтардым". Осыдан кейін ол бірнеше жыл бойы ізденіп, он жылдан соң тура жолға түседі. Исламды қабылдаған алғашқы кезде ол басына тақия мен ұзын ақ киім киіп жүрді. Өзгелерге ұқсамасы үшін. Уақыт өте келе ол өзі тәрбиеленген мәдениет пен діни сенімін бір-біріне қарсы қоймай, екеуінің арасында орта жолды ұстану керектігін түсінеді. Түсінеді де Facebook әлеуметтік желісінде "Ислами оңтүстік қоғамдастығы" деп аталатын топ құрады. Онда ол ақ нәсілділердің үстемдігін қалай жою керектігін әрі өзінің мәдениетіне тән әйелге деген теріс көзқарастан қалай құтылу жолдарын талқылайды. Аталмыш әлеуметтік желідегі оның ашқан бұл тобына жазылған, исламды қабылдаған мыңнан аса оңтүстіктік тұрғындар әлі күнге дейін ескінің сарқыншағындай болып, елесі әлі күнге америка қоғамын кезіп жүрген нәсілдік жікшілікпен күресу үшін тарихи афромаерикалық мешіттерді қолдау науқанын қолға алады. Шейн Аткинсон мұсылмандардың аталған құлшылық үйлерінде семинарлар мен пікірталас ұйымдастырып, мешіттерді нәсілдік жікшілдікке қарсы платформа ретінде пайдаланады. Қазіргі уақытта ол екі афроамерикалық мешітте, атап айтқанда, Даремдегі ар-Раззак және Ралидегі ас-Салам ислами орталықтарында имам болып қызмет етеді. Дженнифер Тейлор және Мұстафа Дэвис есімді кино режиссерлері Шейн Аткинсонды өткен жылы "Оңтүстік мұсылманы" атты деректі фильмнің бас кейіпкері етеді. Бұл жағдай да оның танымал болуына өз септігін тигізіп, нәсілдік жікшілдікке қарсы күресте ықпалды тұлғаға айналдырады.

0 пікір
Мұрағат