Аптап ыстықтың ұрпақ өрбіту қабілетіне кері әсерін тигізетіні анықталды
|
Ғалымдар Испаниядағы аптап ыстықтан тоғыз ай өткен соң туу деңгейінің төмендегенін тіркеп, климаттың дағдарысы тереңдеген сайын демографиялық ахуалдың нашарлайтынын ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зерттеушілер бұл тарапта әйелдердің ғұмырында табатын балалардың орташа санын көрсететін туудың жалпы коэффициентін ауа райының түрлі моделдерімен салыстырып көрген екен. Бұл бағыттағы талдау жұмысы 2010-2018 жылдар аралығын қамтып, ауа температурасы Целсия бойынша 25 градустан жоғары көтерілгеннен кейін туу коэффициенті 0,3%-ға төмендегенін көрсетті. Ал 30 градус ыстықтан кейін туу көрсеткіші 0,8%-ға төмендеген. Бұдан бөлек, аптап ыстық кезінде адамның жыныстық белсенділігі төмендеп, жылу стресінің ұрық сапасына уақытша кері әсерін тигізетіні белгілі болды.