Ананастан жасалған эко-былғары басқа өсімдіктен әзірленген баламаларына қарағанда 60 есе мықты болып шықты (фото+видео)
|
Тайландтың Махидол университетінің зерттеушілері ананас жапырақтарынан экологиялық жағынан таза былғарының жаңа нұсқасын жасауда. Алғашқы үлгілері 2019 жылы алынған, десе де олар негізгі параметрлері бойынша жануарлардың табиғи терісінен әлдеқайда төмен болды. Ал профессор Табишай Аморнсакшай жетекшілік ететін топтың міндеті – жоғары сапалы былғары өнімдерін өндіру үшін мал сою қажеттілігінен арылу, яғни, жануардың емес, экологиялық (қоршаған ортаға зияны жоқ) материал алу. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа материалдың негізі – жиын-терін кезінде қоқысқа тасталатын ананастың пальма жапырақтары , яғни, биологиялық қалдықтар. Талшықты емес фрагменттерді талшықтардың өзінен ажырату үшін оларды ұсақтап, кептіреді және електен өткізеді. Содан соң оны түрлі химиялық заттармен араластыруға болады, содан кейін сұйық резеңкемен жабылған жұқа «құймақ» пайда болады. Осыдан кейін Целсия бойынша 70 °C температурада 24 сағат бойы пісіріледі, содан кейін барып «эко-былғары» дайын болады. Ерекше материалдың созылу шегі - 12,3 МПа, бұл көрсеткіш саңырауқұлақ талшықтарынан жасалған ең берік MuSkin былғарысынан 60 есе жоғары.