|
Анаға таласқан ағайындылардың қайсысының пайдасына шешілді сот үкімі
|
Әдемде бір анадан, бір әкеден туған туыстардың дүние-мүлік үшін, жер үшін, т.б. соттасып жататыны таңсық емес. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Ал бір аяғы төрде болғанымен бір аяғы көрде қарт ана үшін соттасқан ағалы-інілі ағайындылардың соты туралы естігеніңіз бар ма. Бұдан бірнеше жыл бұрын болса да, таяуда әлеуметтік желіні шарлап кеткен ерекше сот жөніндегі ақпарат интернет пайдаланушыларын бір жағынан таң-тамаша қалдырса, екінші жағынан, тәнті етті. Бұл арада саудиялық ағалы-інілі ағайындылардың қарт анасын бағу үшін таласқан сот турасында сөз болып отыр. Ұзақ жылдар бойы анасына қамқор болып келген үлкен ұлы Хизам әл Ғамды үйленбеген, тіпті, жұмыс та істемейді, анасының жанына ұзап кеткісі келмейтінін әрі анасын бағып-қағудан өмірінің мәнін тапқанын жасырмайды. Ал інісі ағасын қарт анасын күтетіндей жағдайда еместігін, дәлірегі, ағасының да жасы келіп қалғанын, оның өзіне күтім керектігін алға тартып отыр. Олардың сот кезіндегі өрекпіген, толқыған шақтары анасына деген махаббатын әйгілеп, әлем жұртының назарын аударды. Олардың уәжін тыңдаған сот төрағасы анасына қай ұлының қолында тұрғысы келетінін сұраған екен. Анасы екеуін де бір-бірінен бөле-жарып алаламайтынын, екеуін оң көзі мен сол көзіндей көретінін, сол себепті, екеуінің біреуін таңдауда қиналатынын жеткізді. Ақыр соңында сот үкімі інісінің пайдасына шешілді - біріншіден, жасы да анасын бағуға қолайлы, екіншіден, жұмысы бар. Қарт анасына бар жағдайын жасап бере алатыны үшін сот осындай шешім қабылдады. Сот шешімін естіген үлкен ұлы еңіреп жылағаны да естен кетпейді. Енді бізді осы жолғы әлемжелі пайдаланушыларының қандай пікір қалдырғаны қызықтырған еді:
Reactions Rhli: “Олар анасын кезек күткені дұрыс еді. Үлкен ұлының қолында аптаның үш күнін өткізсе, кіші ұлының қолында төрт күн”(Сонда екеуін де ренжітпес еді);
Marie: “Өскесін менің де ұлдарым осындай болса деп армандаймын. Алайда, бұған күмәнім бар...”
Omaritto: “Екеуіне де анасымен бірге тұрғаны дұрыс еді”
Мұндай “мәңгілік” тақырыптардың әлеуметтік желіде қайта айналып соғып отыратын тенденция астарында адамзаттың адами қасиетін сақтауға көмексетін адамгершілік қағидаттарының түбінде салтанат құратынына ишара етеді.