Американың мұсылман дәрігер әйелдері бір жолғы медициналық хижабқа көшуде (фото)
|
Фираоли Адам және Жасмин Саматар есімді америкалық медицина қызметкерлері мұсылман әйелдерге тазалық талаптарын сақтауға көмектесетін жеке қорғану құралдарына оңай жолмен қол жеткізуі үшін бір мәрте қолданылатын гигиеналық хиджаб жобасын қолға алған еді. Бұл жайында islam.kz порталы Islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гигиеналық хижаб немесе мабадда — Америка құрама штаттарының азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау жөніндегі басқарма тарапынан мақұлдаған, бір мәрте қолданылатын жеке қорғану құралдары. Ол мұсылман әйелдері мен басқа да медицина қызметкерлерінің шашын жасыру үшін бастарын жауып жүруге мүмкіндік береді. Соның арқасында олар бір рет қолданылатын жеке қорғану құралдарына қол жеткізе отырып, медициналық рецептілерді орындай алады, сонымен бірге, өз дінінің қағидаттарын ұстана алады. Бұған дейін медицина мекемелерінде және мейірбике ісі саласында орамал киетін мұсылман әйелдерге қарапайым матадан тігілген хижаб киюге, кейде олардың үстіне медициналық қалпақ киюге тура келетін еді. Бұл жеткілікті деңгнейде қорғанысты қамтамасыз етпейді, ал вирустар мен бактериялар жұқтырған сұйықтықтар немесе ауа матаға, содан кейін теріге өтуі мүмкін. Медициналық қорғаныш құралдарының көпшілігі науқасты қарағаннан кейін немесе контаминацияланған жағдайда бір рет қолданылатынын және осыған байланысты жойылуы тиіс екенін ескерсек, мұсылман әйелдері не санитарлық талапқа сай келмейтін хижаб киюге, не медициналық ережелерді сақтау қажеттілігіне байланысты оны елемеуге тура келетін. Миннесот штатында пулмонолог терапевт дәрігерлер Жасмин Саматар мен тегі сомалилік Фираоли Адам осындай олқылықты ескеріп, бұл тығыорықтан шығудың жолдарын арастыра келе бір жолғы медициналық хижаб жобасын қолға алан болатын. Kickstarter (краудфандинг схемасы (яғни, ерікті жолмен) бойынша шығармашылық, ғылыми және өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға қаражат жинауға арналған алаң) платформасы арқылы жеткілікті қаражат жинағаннан кейін олар Mawadda брендін қалыптастырды. Қазір онда екі үлгі бар - зануб, іліністіріп байлау жүйесі бар ұзын хижаб, ал икрам қысқа, есесіне іліністіріп байлау жүйесі бар. Ұзын хижабтың бағасы - 69 және икрам - 71 долларлық пакеттерде сатылады. Бір пакетте он данасы бар. Мавадданың сайтында: «Біздің міндетіміз – қауіпсіз және мәдени тұрғыдан лайықты жұмыс киімдерін нарыққа шығару арқылы әралуандылықты, еңбек нарығындағы теңдікті және денсаулық сақтау саласындағы ашықтыққа үндейтін бастамаларды ілгерілету және қолдауға саяды. «Осылайша біз еңбек жағдайын, еңбек өнімділігі мен денсаулық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартамыз, деп есептейміз», деп айтылған.
Дереккөз: cbsnews.com
Дереккөз: Pinterest