Америкалық бойжеткен мұсылманға тұрмысқа шыққысы келеді. Әке-шешесінің реакциясы (ВИДЕО)
Америкалық бойжеткен мұсылманға тұрмысқа шыққысы келеді. Әке-шешесінің реакциясы (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2845

АҚШ-та танымал телехабар редакциясы елдегі исламофобиялық ахуалды көрсету үшін әлеуметтік тәжірибе жүргізіп көрді. Бұл жайында «IslamNews» ақпарат көзі хабар таратты. Мейрамханалардың бірінде бойжеткен ата-анасына өзінің некелескенін айтып, оның дәлелі ретінде қолындағы жүзігін көрсетпей ме. Әлбетті, әке-шешесі қуанып қалады. Алайда, қуаныштары ұзаққа бармайды. «Қалыңдық» Мұхаммед есімді жігітті әке-шешесімен таныстырғанда атаанасының түрі бірден өзгеріп сала береді. Тіпті, жақтырмай, реніштерін де жасырмайды. Бойжеткен әке-шешесінің бұл қылығына қысылса, «күйеу» жігіт не істерін білмей дағдарып қалады. Аяқ астынан көрші үстелде отырған егде әйел араласып, өзінің қызы да мқсылманмен отау құрғанын және 25 жыл бойы шәй деспей өмір сүріп келе жатқанын жеткізеді.

0 пікір
Мұрағат