Әмбебап дрон әуеде және су астында секундына екі метр жылдамдықпен қозғалады (видео)
Әмбебап дрон әуеде және су астында секундына екі метр жылдамдықпен қозғалады (видео)
2 жыл бұрын 1639 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дрон табиғатты бақылау мен ғылыми зерттеулерге қажет. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гонконгтағы Қытай университетінің инженерлері Mirs-X квадрокоптерінің революциялық жаңа прототипін жұртшылық назарына ұсынды. Ол тек әуеде ұшып қана қоймай, сонымен қатар, су астында, дәлірегі, 3 метр тереңдікте секундына 2 метр жылдамдықпен қозғалады. Аталмыш инновациялық құрылғы IEEE халықаралық робототехника және автоматтандыру конференциясында жан-жақты таныстырылатын болады. Әрбір қозғалтқыш жылдамдығы жоғары қораппен және дрондарға екі бөлек биомада маневр жасауға мүмкіндік беретін айналмалы тіректермен жабдықталған. Осы революциялық шешімнің арқасында пропеллер дұрыс бағытта еңкейеді, бұл артықшылық құрылғыға теңіз үстінде де, оның суында да қозғалысты толығымен басқаруға мүмкіндік береді. Бұранданың дәл айналу жылдамдығы маңызды рөл атқарады, өйткені, ауаның тығыздығы суға қарағанда аз. Сондықтан Mirs-X пропеллерлері қажетті көтеру күшін қалыптастыру үшін жылдам айналуы керек. Mirs-X прототипі өте шағын (0,4 м) және салмағы небәрі - 1,6 келі. Дегенмен, инженерлер прототиптің өлшемін 1,8 м-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ғалымдар, сонымен қатар, моделді су астындағы нысандарды алып жүруге және тасымалдауға бағдарлауды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат