Aлып винттері бар ұшатын көлік құрастырылды (видео)
Aлып винттері бар ұшатын көлік құрастырылды (видео)
2 жыл бұрын 2461 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Көптеген компаниялар болашақ нарықтағы өз үлесін алу үшін ұшатын көліктердің өз нұсқаларын жасауға тырысуда. Қытайдың Xpeng компаниясы да өз мүмкіндіктерін жіберіп алмай, бұл салада өз бағын көруді шешті. Бұл жайында islam.kz порталы businessinsider.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемге әйгілі Tesla-мен бәсекеге түсетін бренд «әуе көлігінің» түпнұсқа нұсқасын жасап қана қоймай, оны сынақтан өткізіп үлгерді. X3 прототипінің алғашқы рейсінің видеосын әлеуметтік желіден көруге болады. Оның массивті және өте оғаш құрылымның бірнеше қалақшаның көмегімен баяу көтерілетінін аңғарасыз видеодан. Ол шамамен 9 метр биіктікте көтерілген соң алға қарай жылжиды. Көлік, бейнеде көрсетілгендей, салмағы 1950 келі тартады. Сонымен қатар, құрастырушылар роторлардың бүктелетінін айтады, бұл артықшылық оны жолдарда қарапайым көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған дейін компания X2 нұсқасын көрсетті, ол кішірек өлшемдеріне байланысты эксцентриксіз және маневрлі болып көрінеді

0 пікір
Мұрағат