Алма сияқты жеуге болатын шие қауыны пайда болады (видео+фото)
Алма сияқты жеуге болатын шие қауыны пайда болады (видео+фото)
2 ай бұрын 1183 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қауын тұқымын шығарумен айналысатын  Superfruiter шағын компаниясы алма сияқты жеуге болатын, салмағы 150-ден 300 г-ға дейін тартатын, қабығы жеуге жарамды Superfruiter қауын сортын шығармақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде FreshPlaza ақпарат көзіне жөн сілтеген EastFruit сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етуде. Superfruiter компаниясының бас директоры Йаел Әлтердің (Yael Alter) айтуынша, табиғаты қолайлы, климаты жұмсақ Испания аумағында бүгінде өсіріліп жатқан шие-қауыны тұтынушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие. «Қазір біз екі түрі бойынша жұмыс істеп жатырмыз: Piel de Sapo (PDS) және Yellow Canary (YC). Бізде екі коммерциялық сорт бар: бірі - PDS және келесісі - YC. Салмағы 700-ден 1000 г-ға дейінгі PDS өте тәтті, сақтау мерзімі 30 күннен асады және құрылымы қытырлақ тәрізді болып келеді. YC салмағы 800-ден 1200 г-ға дейін, апельсинді еске түсіреді. Келесі маусымда біз осы екі сорттың негізінде тағы бес түрін енгіземіз. Олардың бірі өте кішкентай, тәтті сорт болады, салмағы шамамен 200 г, кішкентай тұқымдары бар. PDS басқа нұсқасы сары-жасыл қабыққа ие, тәтті болады және өлшемі 700-ден 900 г-ға дейін болады», деп мәлімдеді ол. Әлтердің айтуынша, шаруалар мен фермерлер Superfruite қауындарына айрықша назар аударып отыр, өйткені,1000 шаршы метр аумақта 6 тоннаға дейіін өнім береді. Екіншіден, таңсыө немесе жеңсік дәм ретінде танымал. «Қазір біздің тұқымдар Израилде, Испанияда, Тайландта, Бразилияда және Италияда егуде. Жалпы Superfruiter қауындарын кәдімгі қауындар егілген кез келген жерде өсіруге болады», - деп түйіндеді сөзін ол.

 

0 пікір
Мұрағат