Аллергияның сирек кездесетін түріне шалдыққан ағылшын бойжеткені екі жыл бойы пәтерінен шықпаған (ФОТО)
Аллергияның сирек кездесетін түріне шалдыққан ағылшын бойжеткені екі жыл бойы пәтерінен шықпаған (ФОТО)
9 жыл бұрын 3912 inform.kz

Сирек кездесетін дерт ағылшындық бойжеткен Эшли Фишерді екі жылға өз пәтерінің тұтқыны қылды. Оған кез келген астың иісіне қатты аллергия диагнозы қойылды.

Эшли Фишер оқыған колледждің қасында орналасқан нан дүкенінен жаңа пісірілген тоқаштың иісі шыққан кезде, бойжеткеннің денесі қызыл дақтарға толып, қалтырай бастаған, тынысы тарылған.

Эшли Фишердің күнделікті рационында тек сәбіз, тәтті пияз, балдыркөк және сарымсақ қана қалды - бойжеткеннің ағзасында азық-түліктің осы тобына реакция байқалған жоқ.

«Иістерден аулақ жүру үшін, мен үнемі маска тағып, жататын бөлмемде отырдым», - деген  бойжеткеннің сөздерін келтіреді The Sun таблоиды.

Эшлиді жарты жыл бойы ағзаның оған бөгде затқа ерекше сезімталдығын жоғалтуы үшін десенсибилизация әдісімен емдеді. Қарапайым тілмен айтқанда, бойжеткенге әдейі арнайы бұрқыраған жұпар иіс берілген және оның мөлшері бірте-бірте өсірілген. Жарты жылдан кейін Эшли терезені ашып ұйықтай алатын болса, сегіз айдан кейін отбасымен бірге бір үстел басына отыра алатын болды.

null

0 пікір
Мұрағат