Алгоритмдер әлеуметтік желідегі исламофобиялық контенттердің кеңінен таралуына ықпал етеді – зерттеу
Алгоритмдер әлеуметтік желідегі исламофобиялық контенттердің кеңінен таралуына ықпал етеді – зерттеу
2 жыл бұрын 1670 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әлемжелідегі ислмофобиялық риторика фейк парақшалар мен боттар арқылы кеңінен таралады. Бұл жайынды islam.kz порталы Siasat ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Лоуранс Пинтак есімді тілші сайлау кезіндегі конгресмен мұсылман Илхан Омардың twitter-дегі парақшасын зерттеген екен. Илхам Омардың твитердегі комменттерінің кем дегенде жартысы исламофобиялық және ксенофобиялық сипат алып кеткен. Олардың дені фейк аккаунттарға немесе алгоритм негізінде жұмыс істейтін парақшаларға тиесілі болып шыққан. Бір алаңдатырлығы, соңғы уақытта мұсылмандарды қаралайтын контенттерді кеңінен таратуға осы заманғы озық технология мүмкіндіктері, дәлірегі, жасанды зерде, соның ішінде үшінші буынға жататын Generative Pre-trained Transformer 3 (GPT-3) алгоритмі белсенді түрде қолданыла бастаған.

0 пікір
Мұрағат