Әлеуметтік желінің психика мен интеллектіні шектейтін қатері
Әлеуметтік желінің психика мен интеллектіні шектейтін қатері
3 жыл бұрын 1830 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желіні пайдалану адамның эмоциялық интеллектісінің дамуын тежейді, бұған лүпілдер мен эмодзилер әсерін тигізеді, деп есептейді Н.И. Пирогов атындағы Ресейдің ұлттық медициналық зерттеу университетінің клиникалық психология кафедрасының доценті Арег Мкртычян. Бұл жайында islam.kz порталы аты аталған білікті маманнан «Алгоритм. Сені кім басқарады» деп аталатын ауқымды әрі арнайы жоба аясында сұхбат алған lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арег Мкртычянның айтуынша, әлеуметтік желіден тілдесу мен қарым-қатынас қалыптасады. Алайда, лүпілдер мен эмодзилердің эмоциялық саланы дамытпайтынын алға тартады. Эмоция да интеллектінің бір түрі болғандықтан оны да дамыту қажет. Әлеуметтік желімен өскен ұрпақтың эмоциялық реакциясы жұтаң болып келеді, ары кетсе лүпілмен шектеледі. Басқа мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, интернеттегі ақпараттар тасқыны, дәлірегі, кез келген деректің оңай табылуы да адамның психикасы мен интеллектісіне кері әсерін тигізеді, яғни, адамды дамытпайды. Ақпараттың молдығы сонша, оны іздеп немесе қорытып әуре болмайсыз. Нәтижесінде логикалық байланысы мен себеп-салдарына ой жүгірте алмайды. Талғамай «қылғытып жұта» беретін ұрпақ қалыптасып келеді. Сыни ойлауға, көзқарас қалыптастыруға кедергі келтірмек. Міне, осындай факторларға байланысты психикалық функция ретінде алға шығатын адамның ойлау жүйесі өзгереді. Дайын әрі атүсті ақпарат тасқынынан адам күрделі ақпараттарды жүйелеп әрі талдап түсіндіріп бере алмайды. Мәселен, 40 жастан асқан азаматтарға қарағанда бүгінгі жасөспірім қандай да бір фильм көрсе «Бәрін жайпады» немесе «мықты» деп баға беруден аса алмайды. Фильмнің идеясын, кейіпкерлердің характерін, оқиға желісін талдап бере алмайды. Былайша, ақпарат айдыны кең болғанымен оның түбіне сүңгіп үңілуге зауқы жоқ, тек бет жағында малтып жүзуді әдетке айналдырып алған.

Я бы в блогеры пошел – Огонек № 22 (5518) от 18.06.2018

Н.И. Пирогов атындағы Ресейдің ұлттық медициналық зерттеу университетінің клиникалық психология кафедрасының доценті Арег Мкртычян

0 пікір
Мұрағат