Әлеуметтен қол үзген адамның ғұмыры қысқаратыны белгілі болды
Әлеуметтен қол үзген адамның ғұмыры қысқаратыны белгілі болды
7 ай бұрын 999 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Глазго университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі адамның ғұмырына оның әлеуметтік өмірінің тигізер әсері барын көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жас шамасы 57-дегі 450 мыңнан аса адам табаны күректей 12 жыл бойы ғалымдардың бақылауында болған екен. Ешкіммен араласпайтындардың өмірден ерте кету қатері 39%-ға жоғары болып шыққан. Ағайындарымен, достарымен байланысу уақытының (яғни, күнде, аптасына немесе айына кездессе де) маңызы болмай шықты. Тіпті, айына бір мәрте болса да әлеуметтік байланысқа барған адамның ешкіммен араласпайтындарға қарағанда ұзағырақ өмір сүретіні белгілі болып отыр. Соның ішінде қоғамдық іс-шараға атсалысатындардың көңіл күйі көтеріңкі болатыны әрі денсаулығында кінәраттың аз болатыны да анықталды. Ол ол ма, жалғыз тұрмаса да, яғни, бір шаңырақ астында жанында серігі барлардың өзі, яғни, үйде тілдесер адамы болса да ауық-ауық үйреншікті ортасынан шығып, достарымен немесе таныстарымен кездесіп тұрғаны денсаулығына оң әсерін тигізетіні анықталды.

0 пікір
Мұрағат