Әлемнің жарты байлығы небәрі 8 адамның еншісінде
|
Бай адамдар тізімінде: Microsoft компаниясының құрылтайшысы Билл Гейтс (75 миллиард долларов), Inditex экс-президенті және Zara киім дүкендері желісісінің басышысы болған Амансио Ортега (67 миллиард), инвестор Уоррен Баффетт (60,8 миллиард), мексикалық кәсіпкер Карлос Слим Элу (50 миллиард), Amazon басшысы Джефф Безос (45,2 миллиард), Facebook құрылтайшысы Марк Цукерберг (44,6 миллиард), Oracle басшысы Ларри Эллисон (43,6 миллиард) және Майкл Блумберг (40 миллиард).
Баяндама авторларының мәліметінше,аса бай адамдардың қаржысы жаһандық кедейшілік деңгейінің арқасында көбейіп жатқан көрінеді. OXFAM мәліметінше, соңғы жылда кедей отбасылар саны төрт есе қысқарған - 0,7-ден 0,2 пайызға дейін. Әлемде тұратын адамдардың 10 пайызы, күніне небәрі 1,9 пайызғдан төмен ақшаға күн көреді екен. Ал, әрбір тоғызыншы адам аштықта өмір сүреді. Шамамен үш миллиард адам этикалық кедейлік деңгейінде өмір сүреді.
Зерттеулер нәтижесі бойынша, егер осы бағытта кедейлер саны көбейіп, ал ең бай адамдарға ғана қаражат құйыла берсе 25 жылда әлемде бірінші триллионер пайда болады екен. OXFAM мәліметінше, триллион долларды жарату үшін, 2 738 жыл бойы күніне миллион доллардан жұмсап отыруы тиіс.