Әлемнің ең ыстық нүктесі басқа аймаққа ауысты
Әлемнің ең ыстық нүктесі басқа аймаққа ауысты
4 жыл бұрын 15021 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Таяуда жүргізілген зерттеу барысында ғалымдар әлемдегі, дәлірегі, жердің ең ыстық нүктесі мен ең суық аймағын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрынғы зерттеу нәтижесі бойынша жердегі ең ыстық аймаққа Калифорния штаты аумағындағы Өлім жазығы жатқызылып келген – мұндағы ауа температурасы жаз мезгілінде Цельсия бойынша +56,7 °C. Ал соңғы метеоспутник көмегімен алынған дерекке қарағанда, жаздың аптап ыстығында топырағы Цельсия бойынша +81 °C-қа дейін қызатын Ирандағы Лут шөлі мен Солтүстік америка құрлығындағы Сонора шөлі аталып отыр. Лут шөліндегі ауа температурасы осыдан он жыл бұрын шамамен Цельсия бойынша +71 °C-қа жеткен еді. 2005 жылы осындай рекорд орнатып, ауа температурасы тағы көтерілген еді. Бұған аталған аймақтағы Куһбенан жоталары да ықпал етеді – тандырдай шарпыған шағыл құмдар ыстық ауаның сейілуіне кедергі келтіреді. Әсіресе, шөлдегі жанартау жыныстары жапқан аймақта ыстық ауа көпке дейін сақталады. Сондай-ақ, АҚШ пен мексика шекарасы маңындағы Сонора шөліндегі ауа температурасы да Лут шөліндегі температурадан кем болмай тұр. Аталған шөл тау-жотамен қоршалғандықтан ол жерге нәр тамбайды, яғни, жауын жаумайды, ал шөлдің өзі теңіз деңгейінен төмен жатыр, сол себепті, ауа жоғары көтеріліп, сейілмейді. Ал әлемнің ең суық нүктесі – Антарктидада – Цельсия бойынша –110 °C; бұрынғы суық нүктедегі ауа температурасынан 20 градус айырмашылығы бар. Бұған күн сәулесінің әлсіз түсуі әрі қар мен мұз құрсауында қалуы себеп болып отыр. Екпіні қатты жел мен қысымның төмендігі де ауа температурасын одан ары төмендетеді.

0 пікір
Мұрағат