|
Әлемдік мұхиттың бір бөлігі тұшшы суға айналып келеді
|
Австралияның батыс жағалауындағы Үнді мұхитының бөлігінде судың тұздылық деңгейі көп төмендеп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Nature Climate Change мерзімді басылымына жөн сілтеген unian.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ғалымдар соңғы 60 жылда мұхит суының тұздылығы шамамен 30%-ға азайғанын тіркеді. Ғалымдар мұндай процесс қарқын алғанын әрі әлемдік мұхиттың айнлымына және климатқа салдары ауыр тиетінін алға тартып отыр. Бұл тараптағы зерттеудің жетекшісі Генсин Шеннің айтуынша, судың бұлайша өзгеруіне жауын-шашынның жиілігі ғана емес, сонымен қатар, климаттың жылынуы салдарынан жаһандық жел режимінің өзгеруі себеп болып отыр. Жел Үнді-Тынық мұхиты аймағынан Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне оның химиялық балансын өзгертіп, тұшшы суды көбірек тасымалдайды. Зерттеушілер өзгерістердің жыл сайынғы ауқымынының Тахо көлі көлемінің 60%-на тең мөлшерде баламалы тұшшу сумен толығуымен бірдей екенін алға тартып отыр. Сарапшылардың бағалауынша, мұндай су мөлшері Америка құрама штаттырының барлық халқын 380 жылдан астам уақыт бойы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болар еді.
Неге тұздылық маңызды
Тұздылық теңіз суының тығыздығына, яғни, мұхит ағыстарының қозғалысына тікелей әсер етеді. Тұздылығы аз су жеңіл келеді және жер бетіне жақын болады, ал бұл мұхит қабаттарының тігінен араласуына жол бермейді. Бұл үдерiс қоректiк заттарды терең түбінде түзіп, теңiз экожүйелерiне қажеттісін беткі жағына шығаруда маңызды рөл ойнайды. Мұндай өзгерістер мұхиттағы қорек көздері тізбегінің негізі ретінде алға шығатын планктон мен теңіз өсімдігіне теріс әсер етуі мүмкін. Үнді мұхитының оңтүстік бөлігі мұхиттер мен құрлықтар арасында жылудың таралуын реттейтін ағындар жүйесі - жаһандық термохалиндік айналымда маңызды рөл атқарады. Тұздылықтың одан ары төмендеуі бұл процестерді әлсіретуі мүмкін. Ғалымдар өзгерістердің, тіпті, басқа бассейндерде, атап айтқанда Атлант мұхитында Еуропа мен Солтүстік Американың климатына әсер ететінін жоққа шығармайды. Зерттеушілердің айтуынша, мұхиттар өзара байланысты, сондықтан өңірлік өзгерістердің өзі жаһандық салдарға әкелуі мүмкін.