Әлемді емі жоқ, өлім қатері жоғары микроб жаулап барады – ғалымдар
Әлемді емі жоқ, өлім қатері жоғары микроб жаулап барады – ғалымдар
2 жыл бұрын 1582 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл микроб қарттар мен ауыр науқастарға алдымен қатер төндіреді. Америкалық медицина ұйымдары емдеуге келмейтін Candida auris саңырауқұлағының жаңа түрінің пайда болғанын ескертіп отыр. Бұл туралы АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының есебінде айтылған. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы баяндама жарияланғанThe Washington Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған саңырауқұлақ жұқтырған адам мен залалсыздандырылмаған медициналық құралдар және микроб жабысқан қандай да бір зат арқылы таралады. Ол дені сау адамдарға қауіп төндірмегенімен иммунитеті әлсіреген адамдарға қауіпті. Соның ішінде, жасанды өкпе желдеткішімен тыныс алатын науқастарға және химиялық терапия алып жүрген онкологиялық дертке шадыққан адамдарға ең алдымен жұғады. Medical Mycology мерзімді басылымында жарияланған бұл тараптағы зерттеу нәтижесіне сәйкес осы инфекциямен ауырған науқастардың 70 пайызына дейін өлу қатері төнеді. Candida auris саңырауқұлағының емі жоқ, оны жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, жалпы ауырсынуды сезінеді. Candida auris саңырауқұлағы алғаш рет 2009 жылы Токио ауруханасында жатқан науқастан табылған. Құрама Штаттарда инфекцияның алғашқы клиникалық жағдайы 2013 жылы тіркелген. Аталған елде бұл саңырауқұлақ 2016 жылдан бері кеңінен тарала бастады.

0 пікір
Мұрағат