Әлемдегі энергияны ең аз тұтынатын дрон әуеде 3,5 сағат қалықтай алады (видео)
Әлемдегі энергияны ең аз тұтынатын дрон әуеде 3,5 сағат қалықтай алады (видео)
1 сағат бұрын 29 Материалды көшіріп басқанда Islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Люк және Майкл Белл есімді оңтүстік африкалық әкелі-балалы азаматтар әәлемде таңқалдырып келеді - ерекше дрондар құрастырумен. Бұл жайында islam.kz порталы Techult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын жылдамдығы жоғары дрондар құрастыруға айрықша ден қойса, кейінгі жылдары энергияны мейлінше аз тұтынатын дрондарға назар аударатын болған. Нәтижесінде олардың мультикоптері әуеде 3 сағат 31 минут және 6 секунд қалықтап тұрды. Осылайша алдында өздері орнатқан рекордты (3 сағат 12 минут) тағы жаңартты. Кезекті рекордқа жету жолы пропеллерлерді таңдаудан басталды. Аз айналумен көтерілу күшін арттыру үшін олар T-Motorның диаметрі 101 см болатын G40 көміртек талшығынан жасалған қалақтарды, сондай-ақ, ең ықшам және жеңіл қозғалтқышты 90 кВ-қа MN105V2 таңдады. Үлгілеудің бес кезеңі барысында AirShaper бағдарламасының көмегімен көтергіш штанганың оңтайлы өлшемі  анықталды- 800 мм. Оңтайландырудан кейін сым ұзындығы 11 метрді құрады. Орталық блок қайта өңделгеннен кейін 40 г. жеңілдеді, сондай-ақ, барлық төрт қозғалтқыштың салмағын аздап төмендетуге қол жеткізді. Алайда, энергия тиімділігін арттыру үшін энергиялық тығыздығы шамамен сағат-келісіне (уақыты мен салмағына) шаққанда 320 Вт-қа жететін жартылай қатты никел-марганец-кобальт-оксидті Tattu элементтерін пайдалану шешуші маңызға ие болды, бұл крсеткіш литий-полимерлік аккумуляторларға қарағанда екі есе көп. Салмақпен «күресте» өнертапқыштар шектен шығып, әрбір аккумулятордан қорғаныс қаптамасын алып тастап, дронның салмағын тағы 360 грамға азайтқан.

 

0 пікір
Мұрағат