Әлемдегі ең тиімсіз азаматтық қай елге тән?
|
Консалтингтік Henley & Partners компаниясы түзген реитинг бойынша әлемдегі ең тиімсіз азаматтық Ауғанстанға тән болып шықты. Бірден ескерте кетейік, бұл арада Ауғанстанда соғыс жүріп жатқандықтан бұл елдің азаматтығы тиімсіз екен деген ой тумауы керек. Бұл аспектіде басқа өлшем негізге алынып отыр. Нақтырақ айтқанда, ауған азаматтары әлемнің тек 24 еліне ғана еркін кіре алады. Ал ең тиімді азаматтық немістердікі болып шықты. Бұл елдің азаматтары визасыз әлемнің 176 мемлекетіне кіре алады. Одан кейінгі орында Франция, ал үшінші орында Дания тұр. Төртінші орынға Исландия жайғасқан. Бұл тізімді Швеция, Норвегия және Финляндия елдерімен соза беруге болады. Аталмыш реитинг өзге елдерге визасыз күру, адам әлеуетін көтеру, экономикалық көрсеткіші мен әл-ауқат деңгейі ескеріле отырып жасалды.