Әлемдегі ең тиімді қозғалтқыш таза энергия генераторына айналды (видео)
|
Финдік Wärtsilä Energy компаниясы жаңа электр станcaсын сертификаттаудың алғышқы кезеңін аяқтады. Бұл станса қолданыстағылардың ішіндегі экологиялық жағынан ең тазасы, өйткені, ол жұмыс кезінде атмосфераға парникті газлы мүлдем бөлмейді. Дәлірек айтсақ, болашақта электр стансасы толығымен сутегімен жұмыс істеуге ауысқанда солай болады, әзірге ол табиғи газды пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инновациялық станса Гиннес рекордтар кітабына өз класындағы ең тиімдісі немесе ең лайықтысы деп танылған Wärtsilä 31 кеме қозғалтқышына негізделген. Ол баламалары арасында бір цилиндрдегі қуаты бойынша ең жоғары қуатқа ие. Генераторға айналдырылған қозғалтқыш 31SG-H2 индексіне болды. Ол таза сутегімен, табиғи газбен немесе екеуінің қоспасымен жұмыс істей алады. Құрылғының маңызды артықшылығы қарапайым және қуатты жылдам басқаруға негізделген, оны тұтынушылардың қажеттіліктеріне қолдан оңай икемдеуге немесе реттеуге болады. Бұл генератор негізінен жаңартылатын көздерден алынатын энергияны пайдаланатын электр желісіндегі ауытқулардың орнын толтыру үшін арнайы бейімделген. Жаңа өнімді сертификаттау ісі 2026 жылы аяқталады. Алайда, бұл генерация түрінің өнеркәсіп пен инфрақұрылымды энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге қауқарының жететінін немесе жетпейтінін бағалау әлі де біршама уақытты қажет етеді.