|
Әлемдегі ең қымбат бренд анықталды
|
Brand Finance консалтингтік компаниясы жылда әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингісін жариялайды. Әдеттегі рейтинг бойынша бұл жолы бірінші орынға Amazon компаниясы ие болды. 500 компания арасынан бұл компания алғаш рет көш бастады. Бренд бір жыл ішінде 42 пайызға артып, бағасы 150,8 млрд долларды құрады.
Екінші орынды Apple компаниясы сақтап қалды. Ол бір жыл ішінде 37 пайызға артып, брендтің бағасы 146,3 млрд долларға жетті.
Ал үшінші орынды 2017 жылы көш бастаған Google еншіленді. Google бір жылда небәрі 10 пайызға өсіп, бағасы 120,9 млрд доллар болды.
Алғашқы ондыққа, сондай-ақ Samsung, Facebook, AT&T, Microsoft, Verizon, Walmart және ICBC кірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы